"Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 25 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 ақпанда № 26915 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4380 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 8 жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

Бостан ауылы

8

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бостан ауылдық Мәдениет үйінің жанында

5 шаршы метрден 4 орын

5 жыл

ауыл шаруашылығы өнімдері

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

      2. "Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 15 декабря 2020 года № 255 "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Каракиянского района"

Постановление акимата Каракиянского района Мангистауской области от 17 февраля 2022 года № 25. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 февраля 2022 года № 26915

      ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Каракиянского района от 15 декабря 2020 года № 255 "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Каракиянского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4380) следующие изменения:

      преамбулу указанного постановления изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 50-1 Правил внутренней торговли, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 "Об утверждении Правил внутренней торговли", акимат Каракиянского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:"

      строку 8 в приложении к указанному постановлению на казахском языке изложить в новой редакции, текст на русском языке не меняется.

      2. Государственному учреждению "Каракиянский районный отдел предпринимательства и промышленности" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Каракиянского района Торетаева С.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Каракиянского района К. Беков