ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4380 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 8 жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
Бостан ауылы | |||||
8 | Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бостан ауылдық Мәдениет үйінің жанында | 5 шаршы метрден 4 орын | 5 жыл | ауыл шаруашылығы өнімдері | ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |
2. "Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | К. Беков |