ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 16 "Қарақия ауданына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26709 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарақия ауданына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін және ағымдағы жөндеудің сметалық құны немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, шатырын күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін Бөлім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | К. Беков |