ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 37 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27457 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
орыс тіліндегі 1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | К. Беков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы