Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Маңғыстау аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2020 жылғы 20 наурыздағы №36/406 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4168 болып тіркелген) шешімі;
2) Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 36/406 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 41/449 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4308 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы | А. Сарбалаев |