Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2020 жылғы 12 мамырдағы № 37/419 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4213 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы | А. Сарбалаев |
2022 жылғы 21 желтоқсандағы | |
№ 18/186 | |
шешіміне қосымша |
Маңғыстау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 260 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 260 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м³ | 3120 |