Маңғыстау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/186 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31615 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2020 жылғы 12 мамырдағы № 37/419 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4213 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы А. Сарбалаев

  2022 жылғы 21 желтоқсандағы
  № 18/186
  шешіміне қосымша

Маңғыстау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге
(қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғыннан айына

260

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

260

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 м³

3120


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады