ШЕШТІМ:
1.Түпқараған ауданы әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 17 "Түпқараған ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2776 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі | Р. Елтизаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Түпқараған аудандық
сайлау комиссиясы
Түпқараған ауданының әкімінің | |
2022 жылғы 19 қыркүйектегі | |
№ 2 шешіміне қосымша | |
Түпқараған ауданының әкімінің | |
2015 жылғы 8 шілдедегі | |
№ 17 шешіміне қосымша |
№ 227 сайлау учаскесі
Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Досан Тәжіұлы көшесі № 9, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Форт-Шевченко қаласы, Досан Тәжіұлы, Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы, Қабиболла Сыдиықов, Ибаш Жанболатова, Жазмағанбет Қызылбаев, Тобанияз Әлниязұлы, Хиту Бекжанов, Сүйінғара Үргенішбайұлы, Абай, Мырзағали Әлібаев, Мұрын Жырау, Есбол Өмірбаев, Жамбыл, Астана, Ермек Даулетова, Дүйіш Тобышбаев, Ораз Бозахаров, Байбоз Қилыбайұлы, Сауытбай Масатов, Мұстахи Бимағанбетов, Тілеумұрат Қожабеков, Икембай Өтепбергенов, Орынбай Аймағамбетұлы, Айту Жолмағамбетұлы, Ұлан Елубаев, Махмұт Батыршев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар Форт-Шевченко қаласының Жаңа Кетік шағын ауданының 3,5,6 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері.
№ 228 сайлау учаскесі
Орталығы: Форт-Шевченко қаласы, Маршал Әбдіхалықов көшесі № 51, "Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Форт-Шевченко қаласы, Жалау Мыңбаев, Маршал Әбдіхалықов, Шайхы Еркеғұлов, Сатанғұл Тәжиев, Естөре Оразақов, Келімберді Өтебаев, Қосай Қаниұлы, Тұрсын Қожықов, Баймембет Маяұлы, Нығмет Шымыров, Нұрсұлтан Оңғалбаев, Иса Тіленбайұлы, Төлесін Әлиев, Мақаш Бектұрғанов, Дүйімбай Тарғынұлы көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар Форт-Шевченко қаласының Жаңа Кетік шағын ауданының 1, 2, 2а, 4 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері, Форт-Шевченко қаласында орналасқан "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әуе қорғаныс күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері № 51809 "Д" әскери бөлімі".
№ 229 сайлау учаскесі
Орталығы: Баутин ауылы, 8 Наурыз көшесі № 25 құрылыс, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы, Жәнібек Матаев, 8 Наурыз, Виталий Водовской, Сәттіғұл Жанғабылов, Қалмырза Берішбаев, Захар Дубский, Жаңа құрылыс, Диханбек Сатимов, Қылыш Нәдірбаев, Құлмырза Саудабаев, Ізтұрған Оразбаев, Абай Қошақбаев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар Баутин ауылында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2 дивизионы "Жағалау базасы".
№ 230 сайлау учаскесі
Орталығы: Баутин ауылының Аташ елді мекені, Әліби Жанкелдин көшесі № 27, "Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Баутин ауылы Аташ елді мекені, Аманкелді Иманов, Мұрат Өскінбаев, Әліби Жанкелдин, Ақшабай Көпешов, Зауыт, Баялы Ақсамбаев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері.
№ 231 сайлау учаскесі
Орталығы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисембаев көшесі № 2, Қызылөзен ауылы әкімі аппаратының "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Шекарасы: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев, Ізтұрған Нысанбаев, Дүйсе Бердібеков, Жаңа ауыл, Шамшырақ, Шарай көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар Қызылөзен ауылы және "Қарағантүбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруа қожалықтары.
№ 232 сайлау учаскесі
Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева көшесі № 5, Ақшұқыр ауылы әкімі аппаратының "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Ақжол, Өмірзақ Нұрбаев, Балсұлу Сахиева, Үштерек, Әлқуат Қожабергенов, Қартбай Бекжанов, Тәжіғұл Кезбаев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 4 орамға кіретін барлық тұрғын үйлері.
№ 233 сайлау учаскесі
Орталығы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі № 81, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ғұбайдолла Айдаров атындағы № 1 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Найзабек Есетов, Ақназар Жақауов, Тасқынбай Шахатов, Сәйдім Тумышев, Бисембай Мейров, Алтынмұрат Бекенжанов, Жолыбай Шахшабасов, Мақаш Елубаев, Бердіхан Қарайшықов, Бозжігітов Бақыт көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 1, 2, 4, 5, 6 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері, Сайын Шапағатов ауылдық округінің және "Жайлау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері және жеке шаруашылық қожалықтары.
№ 234 сайлау учаскесі
Орталығы: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесі № 41, Таушық ауылы әкімі аппаратының "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Шекарасы: Таушық ауылы, Сисен Әбдірахманов, Ардагерлер, Төлеген Қағазов, Абыл Тілеуұлы, Хамидолла Елмұханбетов, Құлшық Жұбайұлы, Түмен Балтабасұлы, Кетебай Қиынов, Мөріш Тышқамбаева көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, Нұрбаулы Тұмсық шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 1, 2, 3, 4 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері, Таушық ауылының және "Таушық ауыл шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан мал бағу нүктелері мен жеке шаруашылық қожалықтары.
№ 236 сайлау учаскесі
Орталығы: Қаражанбас вахталық поселкесі, "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының мәдени-демалыс орталығының қызыл бұрышы.
Шекарасы: Қаражанбас вахталық поселкесінде орналасқан "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының және өзге де кәсіпорындардың жатақханалары.
№ 237 сайлау учаскесі
Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Балсұлу Сахиева көшесі № 350, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашева, Ғұбайдолла Айдаров, Бүркітбай Сәрсенов, Жаңа Қоныс, Есболай Аманов, Ысқақ Шакратов, Батырқожа Есбосынов көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 1 орамға кіретін және Бегей жеріндегі барлық тұрғын үйлер.
№ 238 сайлау учаскесі
Орталығы: Бозашы вахталық поселкесі, "Buzachi operating LTD" компаниясы филиалының "Тренинг центр" ғимараты.
Шекарасы: Бозашы вахталық поселкесінің және өзге де "Солтүстік Бозашы" кен орнында орналасқан кәсіпорындар жатақханалары.
№ 239 сайлау учаскесі
Орталығы: Ақшұқыр ауылы, Әдек Жанашев көшесі № 49, Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақшұқыр мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Ақшұқыр ауылы, Сұлтанбай Наубетов, Бекбосын Қадырұлы, Жүсіп Дүйсенбаев, Дүйіш Досаев, Борсақбай Әбілхайыров, Әдек Жанашев, Ұзақбай Есқожаев, Жалау Қазиев, Маңғыбай Түйешиев көшелеріндегі барлық тұрғын үйлері, сонымен қатар 2 және 5 орамдарына кіретін барлық тұрғын үйлері.
№ 259 сайлау учаскесі
Орталығы: "Қаражанбас" кен орнындағы вахталық поселкесі, "Қаражанбас" кен орнындағы "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының спорт залы ғимараты.
Шекарасы: "Қаражанбас" кен орнында орналасқан "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының және оған қарасты кәсіпорындардың жатақханалары.