Түпқараған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 19/117 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30813 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түпқараған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Д. Меңдіханов

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 23 қарашадағы
  № 19/117 шешіміне қосымша

Түпқараған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 2/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Түпқараған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі -Қағидалар) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шағындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 20.10.2023 № 7/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе порталға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу мөлшері ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға 5 (бес) айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері Қағидаларға 3-қосымшаның тоғызыншы жолында көзделген.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Тупкараганском районе

Решение Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 23 ноября 2022 года № 19/117. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 ноября 2022 года № 30813.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Тупкараганский районный маслихат РЕШИЛ:

      1.Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Тупкараганском районе, согласно приложению к настоящему решению.

      2.Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Тупкараганского районного маслихата Д. Меңдіханов

  Приложение к решению
  Тупкараганского районного маслихата
  от 23 ноября 2022 года № 19/117

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Тупкараганском районе

      Сноска. Приложение в редакции решения Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 28.04.2023 № 2/12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Тупкараганском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Тупкараганский районный отдел занятости, социальных программ" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 20.10.2023 № 7/50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка c инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение на дому заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или на портал с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение на дому детей с инвалидностью посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2  к Правилам, осуществляется самим заявителем.

      7. Размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану равен 5 (пяти) месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам.