Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 19/117 "Түпқараған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 7/50 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 қазанда № 4620-12 болып тіркелді

      Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түпқараған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 19/117 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №30813 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2.Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шағындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады