Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 12 наурыздағы № 226 "Қостанай қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысының міндетін атқарушы | С. Исмуратов |