Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 105 "Қостанай қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9739 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қостанай қаласының әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қостанай қаласының әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:
1) қалалық қатынаста, әлеуметтік маңызы бар қалалық қатынаста интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлеген кезде - 100 (жүз) теңге мөлшерінде, қолма - қол ақшамен төлеген кезде - 170 (жүз жетпіс) теңге мөлшерінде;
2) әлеуметтік маңызы бар қала маңы қатынасында интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлеген кезде - белгіленген тарифке бір километр үшін 5 (бес) теңге, қолма – қол ақшамен төлеу кезінде-бір километр үшін 10 (он) теңге.".
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қаласының әкімі | М. Жундубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай
қалалық маслихаты