"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Лисаков қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қалалық мәслихатының хатшысы | С. Шалдыбаева |