"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Лисаков қалалық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5041 болып тіркелген);
2) "Мәслихаттың 2014 жылғы 24 шілдедегі № 236 "Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 10 қазандағы № 278 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8082 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихатының хатшысы | С. Шалдыбаева |