Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 28.02.2022 № 119 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Мәслихаттың 2014 жылғы 20 ақпандағы № 209 "Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4540 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XVI сессияның төрайымы | В. Сычева |
Қалалық мәслихат хатшысы | Г. Жарылқасымова |
КЕЛІСІЛДІ | |
Октябрь кентінің әкімі | |
______________ В. Роот |
Мәслихаттың 2014 жылғы 24 шілдедегі № 236 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 10.10.2018 № 278 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті көшелерінің атауы | Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің көшелері тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1. | Абай көшесі | 6 |
2. | Алматы көшесі | 9 |
3. | БудҰнный көшесі | 6 |
4. | Горный көшесі | 3 |
5. | Горький көшесі | 8 |
6. | Жастар көшесі | 3 |
7. | Набережный көшесі | 2 |
8. | Омаров көшесі | 3 |
9. | Степной көшесі | 2 |
10. | Тобольский көшесі | 6 |
11. | Уральский көшесі | 6 |
12. | Целинный көшесі | 21 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 24 шілдедегі № 236 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің (бұдан әрі – Октябрь кенті) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Октябрь кенті көшелер тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Октябрь кентінің аумағындағы көшелердің тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Октябрь кентінің әкімі шақырады.
Лисаков қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Көшелер шегінде бөлек жиынды өткізуді Октябрь кентінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Октябрь кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Октябрь кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Октябрь кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лисаков қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Октябрь кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Октябрь кенті әкімінің аппаратына береді.