Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 01.07.2023 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24046 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына әр мүгедек балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Койшибаев |