Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Әулиекөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Койшибаев |
Әулиекөл аудандық мәслихаты | |
2022 жылғы 11 тамыздағы | |
№ 143 шешіміне | |
қосымша |
Әулиекөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | 1 есептік бірлігіне жылдық норма, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 0,97 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,98 |
3 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,724 |
4 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,743 |
5 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,535 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,979 |
7 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,147 |
8 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын | 0,962 |
9 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,22 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,91 |
11 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,132 |
12 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м | 0,021 |
13 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,025 |
14 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м | 0,032 |
15 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м | 0,387 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м | 0,21 |
17 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м | 0,281 |
18 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м | 0,08 |
19 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 3,439 |
20 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,267 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,099 |
22 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м | 0,11 |
23 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м | 0,101 |
24 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м | 0,148 |