Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 08.11.2022 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 01-22/337 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылы аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Диев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Диев ауылдық округіның әкімі | М. Досмурзин |