Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 шілдеде № 28731 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 08.11.2022 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 01-22/337 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылы аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Диев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Диев ауылдық округіның әкімі М. Досмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады