"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қамысты аудандық мәслихатының "Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 401 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6168 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кстаубаева |