Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 401 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2022 жылғы 10 тамыздағы № 162 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 тамызда № 29084 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қамысты аудандық мәслихатының "Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 401 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6168 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы С. Кстаубаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады