Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарасу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кажиев |
Қарасу аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 23 қыркүйектегі | |
№ 166 шешіміне | |
қосымша |
Қарасу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жайлы үйлер | айына 1 тұрғыннан | 186,29 |
Жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғыннан | 186,29 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 текше метр | 1510,46 |