Қарасу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 166 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29809 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарасу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Кажиев

  Қарасу аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 166 шешіміне
  қосымша

Қарасу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге
(қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғыннан

186,29

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

186,29

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 текше метр

1510,46


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады