Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 512 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихаты хатшысының өкілеттігін уақытша жүзеге атқарушы | А. Тулебаева |