Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 04 мамырдағы № 01-30/254 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Қостанай облысы Қостанай ауданының Александров ауылдық округі Еңбек ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қостанай ауданының Александров ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23195 болып тіркелген) № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Александровка ауылдық округінің әкімі | Р. Кембаев |