Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округі әкімінің 27.05.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 01-30/351 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округінің Еңбек ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллезі ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Костанай аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Қостанай ауданының Александров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Александровка ауылдық округінің әкімі | Р. Кембаев |