Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 01-30/289 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Қостанай облысы Қостанай ауданының Белозер ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қостанай ауданының Белозер ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24296 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Белозер ауылдық округінің әкімі | Е. Байжанов |