Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы Белозер ауылдық округі әкімінің 24.06.2022 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Қостанай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 28 маусымдағы № 01-30/580 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Белозер ауылдық округінің Белозер ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Қостанай аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Қостанай ауданының Белозер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Белозер ауылдық округінің әкімі | Е. Байжанов |