Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Науырзым ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Г. Абенова |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы "25" тамыздағы | |
№ 148 шешіміне | |
қосымша |
Науырзым ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бiрлiк | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | айына 1 тұрғыннан | 133 |
Жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғыннан | 142 |
Бірлікке (көлемге) жылдық тариф | 1 м3 | 2 274 |