Науырзым ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 148 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29363 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Науырзым ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Г. Абенова

  Мәслихаттың
  2022 жылғы "25" тамыздағы
  № 148 шешіміне
  қосымша

Науырзым ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бiрлiк

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғыннан

133

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

142

Бірлікке (көлемге) жылдық тариф

1 м3

2 274


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады