Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Бейімбет Майлин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 15 қазандағы № 55, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24919 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 6, 7-тармақтары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.
7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу мөлшері әр мүгедек балаға айына сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |