Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 26.04.2024 № 126/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7274 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша берілетін дәрілік заттар" бөлімі мынадай тармақтармен толықтырылсын:
"42. "Цинрайз", тұқым қуалайтын ангионевроздық синдром ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;
43. "Имукин", бастапқы иммун тапшылығы ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді;
44. "Тедуглутид", қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;
45. "Селексипаг", өкпе гипертензиясы ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;
46. "Сиролимус", лимфангиолейомиоматоз ауруы бар азаматтарға арналған таблетка.
47. "Менадион натрий бисульфиті тригидраты", инъекцияға арналған ерітінді, Ледд синдромының, жіңішке ішектің түйілуі және нектозы нәтижесіндегі қысқа ішек синдромы бар азаматтарға.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын мамандандырылған емдік өнімдер" бөлімі келесі тармақтармен толықтырылсын:
"23. "Малоежка педиашур", меннингоэнцефалит, басқа милық салданудың түрлері, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, аллергиялық компонент басым демікпе, басқа да туа біткен гидроцефалия, субарахноидты қан кетудің салдары, спастикалық тетрапарез, апалик синдромы, эпилепсия, көмей стенозы; гидроцефалия ауруы бар азаматтарға қаптама.
24. "Малоежка құрғақ қоспасы", меннингоэнцефалит, басқа милық салданудың түрлері, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, аллергиялық компонент басым демікпе, басқа да туа біткен гидроцефалия, субарахноидты қан кетудің салдары, спастикалық тетрапарез, апалик синдромы, эпилепсия, көмей стенозы; гидроцефалия ауруы бар азаматтарға қаптама.
25. "Пептамен Юниор", Ледд синдромының, жіңішке ішектің түйілуі және нектозы нәтижесіндегі қысқа ішек синдромы бар азаматтарға қаптама.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын медициналық бұйымдар" бөлімі мынадай тармақпен толықтырылсын:
"46. GR 5-25 м. торлы және түтікшелі бекіткіш жаратаңғыш (түтікшелі жаратаңғыштан жасалған таңғыш), медициналық бұйым, Ледд синдромының, жіңішке ішектің түйілуі және нектозы нәтижесіндегі қысқа ішек синдромы бар азаматтарға.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |