Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6604 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" № 417 бұйрығына (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"1) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |