Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға 100 (жүз) теңге мөлшерінде барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 11.12.2023 № 1747/2 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | А. Байханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар қалалық
мәслихатымен