Ақсу қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 152/22 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 мамырда № 27903 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 05.12.2023 № 71/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7287 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ 152/22 шешіміне
қосымша
  Ақсу қалалық мәслихатының
2021 жылғы 30 сәурдегі
№ 40/5 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ақсу қаласы, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай көрсететін көмек түсініледі.

      3. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылданған күннен баситтап үш жұмыс күні ішінде, алушының шотына аудару жолымен банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар, ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы көрсетіледі.

      4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылда 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

      3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      6) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріқатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      5) еңбек ардагерлері:

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;

      "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар;

      Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi;

      7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;

      8) мүгедектер, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;

      1 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      2 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар мүмкіндігі шектеулі студенттер;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);

      10) жөғарғы оқуын аяқтау мерзіміне дейін өқу ақысын төлейтін студенттерге;

      11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке зиан келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар;

      12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      13) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      қатерлі ісіктер ауруларына шалдыққан адамдар;

      амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдар;

      адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балалар;

      қант диабетінен зардап шегетін адамдар;

      "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін адамдар;

      8. Уәкілетті орган табыстарын есепке алмай әлеуметтік көмек көрсетеді:

      1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Халықаралық әйелдер күніне 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында, 7) тармақшасынның үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;

      Отан қорғаушы күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарында, 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;

      Жеңіс күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші,сегізінші абзацтарында, 3), 4) тармақшаларында, 5) тармақшаның төртінші және бесінші абзацтарында, 6) тармақшаның екінші, төртінші, бесінші, алтынші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Қазақстан Республикасының Конституция күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 7) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарында, 8) тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үйді жөндеуге 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшаның үшінші абзацында, 4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында, 6) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін санаторлық-курорттық емделуге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санат үшін санаторлық-курорттық емделуге 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде,

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың11) тармақшасында көрсетілген санат үшін 100 (жүз) АЕК мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі - өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде;

      Ақсу қаласының полиция бөлімі мен Ақсу қаласының пробация қызметі ұсынатын тізімі неңізінде 7-тармақтың 12 ) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорның тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорның, Ақсу қаласының медициналык мекемелерінің тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорның тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың1) тармақшасында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға);

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақтың үшінші абзацында, 4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында, 6) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін (өзіне-өзі күтім жасай алмайтын және денсаулығының жағдайына байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 26186 (жиырма алты мың бір жүз сексен алты) теңге мөлшерінде;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорның тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін амбулаторлық емделу кезінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде, 7-тармақтың 13) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс минимумының екі еселеген мөлшерінде;

      5) әлеуметтік көмек мерзімді (жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:

      уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқудың нақты құны мөлшерінде.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-25 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      12. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ақсу қаласының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      13. Артық төленген сомалар ерiктi түрде немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

О внесении изменения в решение Аксуского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу" от 30 апреля 2021 года № 40/5

Решение Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 3 мая 2022 года № 152/22. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2022 года № 27903. Утратило силу решением Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 5 декабря 2023 года № 71/10

      Сноска. Утратило силу решением Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 05.12.2023 № 71/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Аксуский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аксуского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу" от 30 апреля 2021 года № 40/5 (зарегистрированно в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7287) следующее изменение:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Аксуского городского маслихата М. Омаргалиев

  Приложение
к решению Аксуского
городского маслихата
от 3 мая 2022 года
№ 152/22
  Утверждены
решением Аксуского
городского маслихата
от 30 апреля 2021 года
№ 40/5

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу

      Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 - 3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О ветеранах" (далее - Закон), постановлением Правительства Республики Казахстан от № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Аксу.

Глава 1. Общие положения

      1. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Аксу по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи, в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики по Павлодарской области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Аксу";

      8) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решениями акима города Аксу, посҰлка, села, сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      9) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      2. В настоящих Правилах под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее – МИО) в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.

      3. Социальная помощь в денежной форме предоставляется через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций путем перечисления на счет получателя, в течение трех рабочих дней со дня принятия решения о назначении социальной помощи.

      4. Лицам, указанным в статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально,1 раз в полугодие).

      6. Перечень праздничных дней для оказания социальной помощи:

      1) Международный женский день - 8 марта;

      2) Праздник единства народа Казахстана - 1 мая;

      3) День защитника Отечества - 7 мая;

      4) День Победы - 9 мая;

      5) День Конституции Республики Казахстан - 30 августа;

      6) День Первого Президента Республики Казахстан - 1 декабря.

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      7. Социальная помощь предоставляется гражданам из числа следующих категорий:

      1) ветераны Великой Отечественной войны:

      участники Великой Отчественной войны, а именно военнослужащие, проходившие службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР), партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны;

      2)ветераны боевых действий на территории других государств:

      военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий;

      военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий;

      военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР;

      рабочие и служащие, обслуживавшие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий;

      военнослужащие Республики Казахстан, выполнявшие задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке;

      военнослужащие Республики Казахстан, принимавшие участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке;

      военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе;

      3)ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны:

      несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны;

      лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях;

      4)лица, приравненные по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а именно:

      военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия;

      лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей;

      5) ветераны труда:

      Герои Социалистического Труда, кавалеры орденов Славы трех степеней, Трудовой Славы трех степеней;

      лица, удостоенные звания "Қазақстанның Еңбек Ері";

      лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы ВОВ;

      лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы ВОВ;

      6)другие лица, на которых распространяется действие Закона:

      семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия;

      семьи военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время;

      семьи лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения;

      семьи умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний;

      супруга (супруг) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а также супруга (супруг) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак;

      лица из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшие) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии;

      рабочие и служащие, направлявшиеся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия;

      рабочие и служащие Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившиеся на территории Афганистана и не входившие в состав ограниченного контингента советских войск;

      7) граждане, достигшие пенсионного возраста, получающие минимальный размер пенсии и (или) пособия или ниже минимального размера пенсии и (или) пособия;

      граждане от 80 лет и более (старше), получающие минимальный размер пенсии и (или) пособия или ниже минимального размера пенсии и (или) пособия;

      граждане, признанные в судебном либо ином установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв политических репрессий" порядке жертвами политических репрессий или пострадавшими от политических репрессий;

      8) инвалиды, а именно:

      дети с инвалидностью до 18 лет;

      лица с инвалидностью 1 группы;

      лица с инвалидностью 2 группы;

      студенты с инвалидностью, имеющие выписку из профессиональной части индивидуальной программы реабилитации инвалида на получение высшего или средне-специального (профессионального) образования, и иных видов образования, без учета доходов;

      9) многодетные матери (семьи), из числа получателей государственной адресной помощи;

      10) студентам, на оплату обучения в высших учебных заведениях Республики Казахстан до срока завершения учебы;

      11) граждане, попавшие в трудную жизненную ситуацию в связи с причинением ущерба имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара;

      12) лица, освободившиеся из мест лишения свободы, лица, состоящие на учете службы пробации;

      13) граждане, имеющие социально - значимые заболевания, а именно:

      лица, имеющие злокачественные новообразования;

      лица, страдающие туберкулезным заболеванием, находящиеся на амбулаторном лечении;

      лица, страдающие заболеванием вируса иммунодефицита человека;

      дети, страдающие заболеванием вируса иммунодефицита человека;

      лица, страдающие сахарным диабетом;

      лица, страдающие заболеванием "системная красная волчанка".

      8. Уполномоченный орган оказывает социальную помощь без учета доходов:

      1) единовременную социальную помощь к праздничным дням:

      к Международному женскому дню для категории, указанной в подпункте 9) пункта 7 на основании списка уполномоченного органа;

      к Празднику единства народа Казахстана для категорий, указанных в абзацах втором и третьем подпункта 5), в абзаце третьем подпункта 7) пункта 7 на основании списка уполномоченной организации;

      ко Дню защитника Отечества для категорий, указанных в абзацах шестом и седьмом подпункта 2), в абзаце третьем подпункта 6) пункта 7 на основании списка уполномоченной организации;

      ко Дню Победы для категорий, указанных в подпункте 1), в абзацах втором, третьем, четвертом, пятом, восьмом подпункта 2), в подпунктах 3), 4), в абзацах четвертом и пятом подпункта 5), в абзацах втором, четвертом, пятом, шестом, седьмом, восьмом и девятом подпункта 6) пункта 7 на основании списка уполномоченной организации;

      ко Дню Конституции Республики Казахстан для категорий, указанных в абзацах втором, пятом подпункта 8) пункта 7 на основании списка уполномоченной организации и уполномоченного органа;

      ко Дню Первого Президента Республики Казахстан для категорий, указанных в абзацах первом и втором подпункта 7), во втором, третьем и четвертом абзацах подпункта 8) пункта 7 на основании списка уполномоченной организации;

      2) единовременную социальную помощь:

      для категории, указанной в подпункте 1) пункта 7 на ремонт жилья 100 (сто) месячных расчетных показателей (далее - МРП) на основании списка уполномоченного органа;

      для категорий, указанных в подпункте 2), в абзаце третьем подпункта 3), в абзацах втором и третьем подпункта 4), в седьмом абзаце подпункта 6) пункта 7 на санаторно - курортное лечение в размере 50 (пятьдесят) МРП на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 3) пункта 13 Типовых правил;

      для категорий, указанных в абзацах втором и третьем подпункта 8) пункта 7 на санаторно - курортное оздоровление в размере 10 (пятьдесят) МРП на основании списка уполномоченного органа;

      для категорий, указанных в абзацах втором и третьем подпункта 8) пункта 7 на сопровождение индивидуальным помощником на санаторно-курортное лечение в размере 55 (пятьдесят пять) МРП на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 3) пункта 13 Типовых правил;

      для категории, указанной в подпункте 11) пункта 7 в размере 100 (сто) МРП на основании заявления с приложением документов указанных в подпунктах 1), 3), пункта 13 Типовых правил. Срок обращения за социальной помощью в течение трех месяцев с момента наступления трудной жизненной ситуации;

      для категории, указанной в подпункте 12) пункта 7 в размере 10 (десять) МРП на основании списка, предоставляемого Отделом полиции города Аксу, службой пробации города Аксу;

      для категории, указанной в абзаце втором подпункта 13) пункта 7 в размере 15 (пятнадцать) МРП на основании списка коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Городская больница города Аксу";

      для категории, указанной в абзаце четвертом подпункта 13) пункта 7 в размере 10 (десять) МРП на основании списка, предоставляемого Аксуским отделением коммунального государственного казенного предприятия "Павлодарский областной центр по профилактике и борьбе со СПИДом" управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области;

      для категории, указанной в абзаце шестом подпункта 13) пункта 7 в размере 10 (десять) МРП на основании списка коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Городская больница города Аксу", медицинских учреждении города Аксу;

      для категории, указанной в абзаце седьмом подпункта 13) пункта 7 в размере 10 (десять) МРП на основании списка коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Городская больница города Аксу";

      3) ежеквартальную социальную помощь:

      для категории, указанной в подпункте 1) пункта 7 (на оздоровление) в размере 20 (двадцать) МРП на основании списка уполномоченного органа;

      для категорий, указанных в подпункте 2), в абзаце третьем подпункта 3), в абзацах втором и третьем подпункта 4), в абзаце седьмом подпункта 6) пункта 7 (на оздоровление) в размере 10 (десять) МРП на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 3), пункта 13 Типовых правил;

      4) ежемесячную социальную помощь:

      для категорий, указанных в абзацах третьем и четвертом подпункта 8), пункта 7, (инвалидам, не способным самостоятельно себя обслужить и нуждающимся по состоянию здоровья в постоянной помощи, не имеющим трудоспособных совершеннолетних детей (супруга), обязанных содержать своих родителей (супруга) и заботиться о них, или имеющих близких родственников, которые по объективным причинам не могут обеспечить им постоянную помощь и уход (в силу преклонного возраста, имеют инвалидность первой, второй группы, онкологические, психические заболевания, находятся в местах лишения свободы или выехали на постоянное местожительство за пределы страны или проживают в другом населенном пункте) в размере 3 (три) МРП на основании списка уполномоченного органа;

      для категории, указанной в подпункте 10) пункта 7 в период обучения в высших учебных заведениях, на проживание, питание и проезд к месту жительства в размере 26186 (двадцать шесть тысяч сто восемьдесят шесть) тенге на основании списка уполномоченного органа;

      для категории, указанной в абзаце третьем подпункта 13) пункта 7 настоящих Правил в период амбулаторного лечения в размере 10 (десять) МРП - на основании списка коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Городская больница города Аксу";

      для категории, указанной в абзаце пятом подпункта 13) пункта 7 в размере двухкратного прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год, на основании списка, предоставляемого Аксуским отделением коммунального государственного казенного предприятия "Павлодарский областной центр по профилактике и борьбе со СПИДом" управления здравоохранения Павлодарской области акимата Павлодарской области;

      5) социальная помощь, предоставляемая периодически (1 раз в полугодие):

      для категории, указанной в подпункте 10) пункта 7 в размере фактической стоимости за обучение на основании списка уполномоченного органа.

      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      10. К праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с акиматом Павлодарской области.

Глава 3. Порядок оказания социальной помощи

      11. Порядок оказания социальной помощи определены в соотвествии с пунктами 12-25 Типовых правил.

Глава 4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      12. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы города Аксу;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      13. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 5. Заключительное положение

      14. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".