Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 05.12.2023 № 71/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының сессия төрағасы | А. Тугельбаев |
Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы | М. Омаргалиев |
Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 шешімімен бекітілді |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 03.05.2022 № 152/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына,Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарыныңжекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 22.12.2022 № 214/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган - "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ақсу қаласы, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай көрсететін көмек түсініледі.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылданған күннен баситтап үш жұмыс күні ішінде, алушының шотына аудару жолымен банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар, ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы көрсетіледі.
4. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көздеген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 22.12.2022 № 214/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылда 1 рет) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің тізбесі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
6) 25 қазан – Республика қүні.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 12.04.2023 № 17/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiге;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, атап айтқанда:
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;
5) еңбек ардагерлеріне:
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне;
7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға;
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға;
8) мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедектігі барбалаларға;
1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінің көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға);
10) Ақсу қаласы әкімінің гранты бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын, аяқтау мерзіміне дейін оқу ақысын төлейтін студенттерге;
11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке зиян келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға;
12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
13) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
қатерлі ісіктер ауруларына шалдыққан адамдарға;
амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдарға;
адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін адамдарға;
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;
қант диабетінен зардап шегетін адамдарға;
"жүйелі қызыл жегі"ауруынан зардап шегетін адамдарға;
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 22.12.2022 № 214/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Уәкілетті орган табыстарын есепке алмай әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында, 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;
Отан қорғаушы күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарында, 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;
Жеңіс күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші,сегізінші абзацтарында, 3), 4) тармақшаларында, 5) тармақшаның төртінші және бесінші абзацтарында, 6) тармақшаның екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Республика күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 7) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарында, 8) тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үйді жөндеуге 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшаның үшінші абзацында, 4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында, 6) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 50 (елу) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға);
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін санаторлық-курорттық емделуге 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін санаторлық-курорттық емделуге 10 (он) АЕК мөлшерінде;
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін 100 (жүз) АЕК мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі - өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты ай ішінде;
Ақсу қаласының полиция бөлімі мен Ақсу қаласының пробация қызметі ұсынатын тізім негізінде 7-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналык мекемелерінің тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға);
Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақтың үшінші абзацында, 4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында, 6) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде (коммуналдык қызметтерге);
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшасында қөрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш және уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін, өзіне өзі қызмет көрсету және (немесе) жүріп-тұру қабілетін ішінара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары мүгедектігі бар адамдар (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) жалғызілікті мүгедектігі бар адамдарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады;
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 26186 (жиырма алты мың бір жүз сексен алты) теңге мөлшерінде;
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін амбулаторлық емделу кезінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде, 7-тармақтың 13) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс шегінің екі еселеген мөлшерінде;
5) әлеуметтік көмек мерзімді (жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқудың нақты құны мөлшерінде.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 12.04.2023 № 17/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-25 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
12. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Ақсу қаласының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
13. Артық төленген сомалар ерiктi түрде немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.
5-тарау. Қорытынды ереже
14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.
Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі 40/5 шешіміне қосымша |
Ақсу қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдғы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 313/42 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6373 болып тіркелген).
2. Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 313/42 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 425/62 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6849 болып тіркелген).
3. Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 313/42 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 476/71 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7179 болып тіркелген).