Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 13.10.2023 № 79/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 220/26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5860 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |
Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 17 ақпандағы № 101/16 шешіміне қосымша |
|
Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы "23" қаңтардағы № 220/26 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары
1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Екібастұз қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкiлеттi орган - "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн қала, кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;
9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - "Ардагерлер туралы" Заңы) 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсетудің санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын көп балалы аналар – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі мерекесі:
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар - 10 (он) АЕК;
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері - 10 (он) АЕК;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдар - 10 (он) АЕК;
3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:
Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
4) 9 мамыр - Жеңіс Күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер – 100 000 (жүз мың) теңге;
қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 100 000 (жүз мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар – 60 000 (алпыс мың) теңге;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар - 60 000 (алпыс мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар - 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар – 30 000 (отыз мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар – 30 000 (отыз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңның 4, 5, 6-баптарында аталған адамдардың отбасылары - 10 (он) АЕК;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) – 60 000 (алпыс мың) теңге;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар - 150 000 (жүз елу мың) теңге;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi - 150 000 (жүз елу мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері - 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары қызметшілері - 150 000 (жүз елу мың) теңге;
1979 жылғы 1 желтоқсан - 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер - 150 000 (жүз елу мың) теңге;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер - 150 000 (жүз елу мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) - 150 000 (жүз елу мың) теңге;
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар - 20 (жиырма) АЕК;
Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде білім алатын мүгедектер, мүгедек балалар - 30 (отыз) АЕК;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алатын мүгедектер, мүгедек балалар - 60 (алпыс) АЕК;
6) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні:
бірінші және екінші топтағы мүгедектер - 5 (бес) АЕК;
18 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 5 (бес) АЕК;
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар - 2 (екі) АЕК;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар - 3 (үш) АЕК.
7. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) келесі азаматтардың санаттарына көрсетіледі:
1) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы немесе табиғи апат орын алған жердегі азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысын ескермей - біржолғы төлем - 100 (жүз) АЕК шекті мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі – өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап алты ай ішінде;
2) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған адамдар (отбасылар):
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде қатерлі ісіктен зардап шегетін диспансерлік есепте тұрған адамдарға - біржолғы төлем - 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде қатерлі ісіктен зардап шегетін диспансерлік есепте тұрған адамдарға ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысын ескермей, шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және тұрғылықты орнына кері қайтуға (таксиден басқа) жол жүру билеттері құнының нақты мөлшерінде;
туберкулезбен ауыратын амбулаториялық емделу кезеңіндегі адамдарға әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысын ескермей - 10 (он) АЕК мөлшерінде - Екібастұз қаласы емханалары ұсынған тізімнің негізінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын (бұдан әрі - АИТВ) жұқтырған диспансерлік есепте тұрған адамдарға - біржолғы төлем - 10 (он) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Екібастұз бөлімшесі ұсынған тізімі негізінде;
АИТВ жұқтырған диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысын ескермей, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар – біржолғы төлем 10 (он) АЕК мөлшерінде - "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының полиция департаменті Екібастұз қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде;
4) оқу мерзімі аяқталғанға дейін оқытуға әлеуметтік көмек алған студенттер - оқудың нақты құны бойынша біржолғы төлем - уәкілетті органның тізімі негізінде;
5) оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге оқу мерзімі аяқталғанға дейін оқытуға әлеуметтік көмек алған студенттер - жан басына шаққандағы орташа табысын ескермей ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде - уәкілетті органның тізімі негізінде;
6) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде "Ардагерлер туралы" Заңның 5-бабында, 6-бабы 1) тармақшасының 9 абзацында көрсетілген санаттар үшін санаторий-курорттық емделуге - біржолғы төлем - 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
7) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде "Ардагерлер туралы" Заңның 5-бабында, 6-бабы 1) тармақшасының 9 абзацында және 2) тармақшасының 6 абзацында, 8-бабының 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін тіс протездеуге - біржолғы төлем - 25 (жиырма бес) мөлшерінде;
8) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде бірінші топтағы мүгедектер, мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуге еріп жүретін адамның тамақтануы, жол жүруі және тұруына - біржолғы төлем - 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;
9) мүгедектерге уәкілетті органның тізімі негізінде аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін - біржолғы төлем - 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
10) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде жүктілік мерзімінде 12 аптаға дейін есепке тұрған мүгедек әйелдерге әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысын ескермей - біржолғы төлем - 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
11) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде жүктілік мерзімде 12 аптаға дейін есепке тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған отбасынан шыққан әйелдерге - біржолғы төлем - 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
12) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектерге әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысын ескермей - біржолғы төлем - 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
13) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде Екібастұз қаласының колледждерінде оқитын жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы студенттерге ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысын ескермей - 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
14) Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын бір айға созылған дертке, жедел араласуды талап ететін дертке байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған және жедел немесе жоспарлы хирургиялық ота жасатқан азаматтарға - біржолғы төлем - 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
15) "Ардагерлер туралы" Заңның 4-бабында көрсетілген санаттар үшін сауықтыруға - тоқсан сайынғы төлем - 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде - уәкілетті органның ұсынған тізімі негізінде;
16) "Ардагерлер туралы" Заңның 5-бабында, 6-бабы 1) тармақшасының 7, 8, 9 абзацтарында және 2) тармақшасының 3, 6 абзацтарында, 8-бабының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - тоқсан сайынға төлем - 10 (он) АЕК мөлшерінде - уәкілетті органның ұсынған тізімі негізінде.
3 - тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларының 12-27 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.
4-тарау. Қорытынды ереже
9. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.