Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 08.01.2024 № 65/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аққулы аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 7 тамыздағы № 274/56 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6937 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы | К. Есимов |
Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 126/25 шешіміне қосымша |
|
Аққулы аудандық маслихатының 2020 жылғы 7 тамызы № 274/56 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Аққулы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Павлодар облысы бойынша статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган - "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Аққулы ауданының ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. Әлеуметтік көмек банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар, ақшалай нысандағы екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы алушының шотына аудару жолымен көрсетіледі.
5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;
6) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:
1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, атап айтқанда:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСРОдағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСРОдағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;
1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;
4) еңбек ардагерлеріне:
Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне;
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
5) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
6) зейнеткерлік жасқа толған адамдарға, атап айтқанда:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға;
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға;
7) мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар студенттер қатарындағы мүгедектігі бар адамдарға;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға);
9) жоғары оқу орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін әлеуметтік көмек алған студенттерге;
10) аз қамтамасыз етілген азаматтарға, атап айтқанда:
көп балалы отбасылар, өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасыларға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілген кезде;
әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы кезде;
аудандық ауруханаға жүктілігіне байланысты 12 аптаға дейін есепке тұру үшін уақытында жүгінген жүкті әйелдерге;
11) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға (2, 3, 4 кезеңдегі және аурудың кезеңінен тәуелсіз 4 клиникалық топтағы), нәжіс, зәр және тыныс жыланкөздері бар қан өндіру және лимфа жүйесінің аурулары (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар);
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға;
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;
амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға;
қант диабетінен зардап шегетін тұлғаларға.
9. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:
1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне 8-тармақтың 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Отан қорғаушы күніне 8-тармақтың 1) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарында, 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Жеңіс күніне 8-тармақтың 2), 3) тармақшаларында, 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарында, 4) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында, 5) тармақшасының екінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Конституция күніне 8-тармақтың 7) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Тәуелсіздік күніне 8-тармақтың 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 7) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге арналған 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде, 8-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттарүшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде, 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде, 8-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты, дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, 8-тармақтың 11) тармақшасының екінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде 8-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде дәрі-дәрмек сатып алу үшін 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алу үшін 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 16 (он алты) АЕК мөлшерінде спутниктік - кабельдік теледидар орнату үшін 8-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, атаулы әлеуметтік көмек алушының мәртебесін растайтын анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 16 (он алты) АЕК мөлшерінде спутниктік - кабельдік теледидар орнату үшін 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, атаулы әлеуметтік көмек алушының мәртебесін растайтын анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде улы газ датчиктерін және газталдағыштарды орнатуға 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде, 8-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында, 3) тармақшасының үшінші абзацында, 5) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін (сауықтыруға);
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;
8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізіндетиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, 8-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Аққулы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде 8-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін 12 (он екі) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде тұрғын үй - коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 8-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 11 (он бір) АЕК мөлшерінде гемодиализ алу мезгілінде жол жүруге 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін.
10. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:
біржолғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде оқудың нақты құны бойынша оқу ақысын төлеуге 8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) 8-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде материалдық көмек 8-тармақтың 10) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде жол жүру шығындарын өтеуге 8-тармақтың 10) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде улы газ датчиктерін және газталдағыштарды орнатуға 8-тармақтың 7) тармақшасының, 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
3-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
13. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Аққулы ауданының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
14. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.
4-тарау. Қорытынды ереже
15. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.