Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 08.01.2024 № 65/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 206/42 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6442 болып тіркелген, 2019 жылғы 09 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы аудандық мәслихатының сессия төрағасы | К. Жиеналин |
Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы | С. Мусинова |
Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 тамызы № 274/56 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 27.06.2023 № 26/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия - өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Аққулы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Павлодар облысы бойынша статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган - "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
8) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Аққулы ауданының ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. Әлеуметтік көмек банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар, ақшалай нысандағы екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы алушының шотына аудару жолымен көрсетіледі.
5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;
6) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:
1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, атап айтқанда:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО дағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСРОдағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;
1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;
4) еңбек ардагерлеріне:
Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
5) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
6) зейнеткерлік жасқа толған адамдарға, атап айтқанда:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға;
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға;
7) мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар студенттер қатарындағы мүгедектігі бар адамдарға;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға);
9) жоғары оқу орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін әлеуметтік көмек алған студенттерге;
10) аз қамтамасыз етілген азаматтарға, атап айтқанда:
көп балалы отбасылар, өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасыларға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілген кезде;
әлеуметтік мәні бар аурулардың болуыкезде;
аудандық ауруханаға жүктілігіне байланысты 12 аптаға дейін есепке тұру үшін уақытында жүгінген жүкті әйелдерге;
11) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға (2, 3, 4 кезеңдегі және аурудың кезеңінен тәуелсіз 4 клиникалық топтағы), нәжіс, зәр және тыныс жыланкөздері бар қан өндіру және лимфа жүйесінің аурулары (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар);
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға;
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;
амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға;
қант диабетінен зардап шегетін тұлғаларға.
9. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:
1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағидалардың 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай осы Қағидалардың 8-тармақтың 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Отан қорғаушы күніне орай осы Қағидалардың 8-тармақтың 1) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарында, 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Жеңіс күніне орай осы Қағидалардың 8-тармақтың 2), 3) тармақшаларында, 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарында, 4) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында, 5) тармақшасының екінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай осы Қағидалардың 8-тармақтың 7) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Тәуелсіздік күніне орай осы Қағидалардың 8-тармақтың 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 7) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге арналған 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты, дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 11) тармақшасының екінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 8-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде дәрі-дәрмек сатып алу үшін осы Қағидалардың 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алу үшін осы Қағидалардың 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 16 (он алты) АЕК мөлшерінде спутниктік - кабельдік теледидар орнату үшін осы Қағидалардың 8-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, атаулы әлеуметтік көмек алушының мәртебесін растайтын анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 16 (он алты) АЕК мөлшерінде спутниктік - кабельдік теледидар орнату үшін осы Қағидалардың 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, атаулы әлеуметтік көмек алушының мәртебесін растайтын анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде улы газ датчиктерін және газталдағыштарды орнатуға осы Қағидалардың 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге арналған 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде сауықтыруға 50 (елу) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тіс протездеу үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үй - коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында, 3) тармақшасының үшінші абзацында, 5) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;
осы Қағидалардың 8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, осы Қағидалардың 8-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Аққулы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 8-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін 12 (он екі) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде тұрғын үй - коммуналдық қызметтерді төлеу үшін осы Қағидалардың 8-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты, медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растау анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде11 (он бір) АЕК мөлшерінде гемодиализ алу мезгілінде жол жүруге осы Қағидалардың 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін.
10. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:
біржолғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде оқудың нақты құны бойынша оқу ақысын төлеуге осы Қағидалардың 8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) осы Қағидалардың 8-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде материалдық көмек осы Қағидалардың 8-тармақтың 10) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде жол жүру шығындарын өтеуге осы Қағидалардың 8-тармақтың 10) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде улы газ датчиктерін және газталдағыштарды орнатуға осы Қағидалардың 8-тармақтың 7) тармақшасында, 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.
14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалармен бекітілген 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 16, 17 - тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
24. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Аққулы ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады (тиісті жағдайлар туындаған күннен бастап он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етсін).
25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5 - тарау. Қорытынды ереже
26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.