Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабы 8) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 1.1-28/15 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі Қарақала ауылының аумағында ірі қара малдың арасында жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлодар облысы Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы "Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі Қарақала ауылының аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" № 1-04/1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26543 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарақала ауылдық округінің әкімі | Е. Наскенов |