Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Успен ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 1 шілдедегі № 1-30/338 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі Ковалев ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диареясы ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28295 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі | А. Курманбаев |