Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28295 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің 07.07.2022 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 1-30/229 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі Ковалев ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диареясы ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі А. Курманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады