Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 2/120 "Алматы қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1371 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |