"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласы Мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 211 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1471 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | С. Канкуров |