Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3164 тіркелді);
2) "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 45 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27100 тіркелді).
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |