"Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 45 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 наурызда № 27100 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 21.11.2022 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3164 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларында:

      21-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады