Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 02 қыркүйектегі № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29465 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 28 желтоқсандағы | |
№ 283 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 02 қыркүйектегі | |
№ 194 қаулысына | |
2-қосымша |
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдері
№ | Облыстың атауы | Субсидиялар көлемі, теңге |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы | 500 000 000,00 |
Барлығы | 500 000 000,00 |