Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 20 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3695 болып тіркелген).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айыртау ауданының әкімі | Е. Бекшенов |