Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 - бабының 4 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айыртау ауданының әкімі | Е. Бекшенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Айыртау аудандық
мәслихаты
Айыртау ауданы | |
әкімдігінің 2022 жылғы | |
15 қыркүйектегі № 353 | |
қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі
Бағыттың атауы | 1 жолаушыға тариф, теңге | |
1 | Саумалкөл ауылы – қатынас "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі коммуналдық мемлекеттік мекемесі- "МиК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 |
2 | Саумалкөл ауылы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық -атқару жүйесі комитетінің "ЕС – 164/8 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесі-Новоукраинка ауылы. | 150 |