Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 353 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қыркүйекте № 29619 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 - бабының 4 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі Е. Бекшенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Айыртау аудандық

      мәслихаты

  Айыртау ауданы
  әкімдігінің 2022 жылғы
  15 қыркүйектегі № 353
  қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі


Бағыттың атауы

1 жолаушыға тариф, теңге

1

Саумалкөл ауылы – қатынас "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі коммуналдық мемлекеттік мекемесі- "МиК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

2

Саумалкөл ауылы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық -атқару жүйесі комитетінің "ЕС – 164/8 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесі-Новоукраинка ауылы.

150


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады